Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
МӘН-ЖАЙ
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.
Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды.
ҚАНДАЙ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАНҒАН
58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
ҰҚК мәлісетінше, қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.