Филиппин ұлттық полициясының өкілі Rai тайфуны құрбандарының саны 208-ге жеткенін мәдімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
aif.ru-тің мәліметінше, зардап шеккендердің көбі Себу мен Бохол аралдарында болған.
Rai Филиппиннің орталық бөлігінен өтті, содан кейін ол аздап әлсіреген. Жұма күні тайфунның ауқымы үлкейіп, желдің екпіні сағатына 205 шақырымға жетті.
Тайфун Филиппиннің Лусон аралындағы Палаван провинциясында және басқа жерлерде қатты су тасқыны мен көшкін болуына әкеп соқты. Провинцияда жеті ауылды су басып, екі мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.