×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Ұлтаралық алауыздық тудырған ақмолалық тұрғын сотталды

11.01.2025, 10:35
Ұлтаралық алауыздық тудырған ақмолалық тұрғын сотталды
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында «Чат рулетка» қосымшасында ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасымен ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесі ұйымдастырылған.

“Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған. Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады”, делінген облыстық прокуратура ақпаратында.

Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толық дәлелдеп шыққан.

Сот осылайша ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола облысының тұрғынын 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енді.