×
529.65
544.64
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.65
544.64
5.16

АҚШ-та 201 жолаушысы бар ұшақтың қозғалтқышы өртенді

11.01.2025, 11:37
АҚШ-та 201 жолаушысы бар ұшақтың қозғалтқышы өртенді
Antony Ochieng,KE / X, Aviation Safety Network (ASN) / X

Атланта әуежайындағы Delta Air Lines ұшағынан 200-ден астам адамды апаттық трап арқылы эвакуациялауға тура келді. Оған ұшу кезінде қозғалтқыштың өртенуі себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Атлантадан Миннеаполиске (Миннесота штаты) бағыт алған Delta 2668 рейсі шұғыл тоқтатылып, борттағылардың барлығы сыртқа шығарылды.

CNN-нің хабарлауынша, Бортта 201 жолаушы, 2 ұшқыш және 5 стюардесса болған. Экипаж ұшуды жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:10-да тоқтатқан. Әуе компаниясы экипаж мүшелерінің эвакуация кезінде қуіпсіздік ережелерін қатаң сақтағанын айтты. Жолаушылар апаттық сырғымалар арқылы сыртқа шығарылды.

«Ұшу кезінде бірнәрсенің дұрыс еместігі сезілді. Артынша қозғалтқыш өртенді. Шұғыл эвакуациялауға тура келді», деді ұшақ жолаушысы Кертис Джеймс CNN-ге.

Десе де төрт жолаушы жеңіл жарақат алған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылса, қалғандарына сол жерде көмек көрсетілді.

Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) оқиға бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, биылғы 10 қаңтар күні Бразилияның оңтүстігіндегі Убатуба қаласында бір адамның өліміне әкеп соққан қайғылы оқиға болды. Cessna Citation бизнес-реактивті ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жағажайға құлады.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ АПАТ

Муанда (Сеулден 288 шақырым жерде) ұшақ апатынан екі адамды қоспағанда, борттағы барлық адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Бортында Бангкоктың 181 жолаушы болған Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы таңғы сағат 9:07-де Муан халықаралық әуежайына қонуға тырысып, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соқтығысқан. Әуелі кем дегенде 28 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алғаны хабарланған еді. Кейін жолаушылар борттағы адамдардың көбі дерлік аман қалмағаны белгілі болды.

Әуежай билігі ұшақ апат болған кезде шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты пилот апаттық жағдайда қонуға тырысқанын хабарлайды. Бірақ ол әрекет сәтсіз аяқталған. Қоршауға соғылған ұшақ жарылып, өртеніп кеткен. Куәгерлер ұшақтың шассиі, мысалы, дөңгелегі дұрыс шықпай қалғанын көргенін айтады. Апатқа жайсыз ауа райы немесе құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазған.

Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.