×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айттты

Бүгін, 13:42
Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айттты
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін, 11 қаңтар күні қалың қазаққа танымал абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында қайтыс болған еді.