Йеменнің әл-Байда провинциясында мұнай-газ қоймасы мен оған жақын маңдағы жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Yemenonline.info ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 65 адам әр түрлі жарақат алды.
Yemen Online мәліметіне сүйенсек, Сахер ауданында болған жарылыс толқыны тудырған тізбекті реакциядан көршілес орналасқан екі жанармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар да отқа оранған.
Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.
Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.