Дүйсенбі, 13 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсу күтіліп отырғандықтан синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Тәулік бойы Шымкент қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты бірінші дәрежелі ҚМЖ сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда тұман күтіледі.
12 қаңтардың сағат 20.00-ден 13 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
12 қаңтардың сағат 20.00-ден 13 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с жел соғады.