Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысында тұтқынға алынған солтүстік кореялық жауынгерлерден жауап алып жатқан алғашқы видеосын жариялады және Киев Ресей Федерациясындағы украиндық тұтқындарға айырбас ретінде оларды отандарына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Украинская правдаға сілтеме жасап.
Facebook желісінде Солтүстік Кореяның екі сарбазының видеосы жарияланды.
Солтүстік Кореядан тұтқынға алынған алғашқы сарбаздардан басқалары да болатыны сөзсіз. Бұл уақыт мәселесі... Украина өз адамдарын Ким Чен Ынға беруге дайын, егер ол оларды Ресейде тұтқында болған жауынгерлерімізге айырбастауды ұйымдастыра алса", – деп жазды ол.
Оның айтуынша, қайтып оралғысы келмейтін КХДР сарбаздары үшін басқа да амалдар қарастырылуы мүмкін.
Атап айтқанда, осы соғыс туралы корей тілінде шындықты айту арқылы соғысты тоқтатуға ниет білдірген корейлер мұндай мүмкіндікке ие болады, - деп қосты президент.
10 МЫҢ КОРЕЯЛЫҚ САРБАЗ
Қыркүйекте АҚШ Солтүстік Корея сарбаздары Украинаға қарсы соғысқа қатыса бастағанын хабарлаған болатын. Пхеньян Ресейдің шығысына жіберген 10 мыңнан астам әскердің басым бөлігі Курск облысына жіберілген.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател хабарлады.
"Украина президенті Владимир Зеленский бір апта бұрын Солтүстік Корея сарбаздары Курск аймағында украин армиясына қарсы соғыс қимылдарына қатысқанын айтты. КХДР-дың 11 мың сарбазы Кремль әскерлеріне қолдау көрсету үшін қазір Курскіде жүр, олардың арасында "қаза болғандар бар", – деп жазды Зеленский.