×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет халыққа ескерту жасады

Тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет халыққа ескерту жасады
Ашық дереккөзден

Қазгидромет мамандары халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Бұл ауа райы тұрақсыз болады деген сөз.

БОРАН, ЖАУЫН

Алдағы күндері боранмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның салдарынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

АЯЗ

Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 аяздан-5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 аязға дейін өзгереді.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.