×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

12 жастағы оқушыны әуежайда жалғыз қалдырған: Air Astana сотта тағы жеңілді

12 жастағы оқушыны әуежайда жалғыз қалдырған: Air Astana сотта тағы жеңілді
Ulysmedia.kz коллажы

Air Astana 12 жастағы Зеренің оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциядан да жеңілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

СОТ ШЕШІМІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Бүгін Air Astana компаниясының өтінішін қарау аяқталды. Тасымалдаушы «ұшақта орын жетпеген» қыздың анасына берілетін моральдық өтемақыны бес миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін азайтуды сұрады.

Адвокат Данильхан Шағатаевтың сөзінше, апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырған. Бұл туралы адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сот үкімі бойынша, компания Зеренің анасына материалдық өтемақы ретінде бес миллион теңге төлеуі керек. 

МӘН-ЖАЙ

Бұл Air Astana-ның еншілес компаниясы FlyArystan-ға қатысты оқиға. Компания қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушыны Астана әуежайында жалғыз қалдырып кеткен болатын. 

Зере және Зәуре есімді егіздер былтыр 20 шілдеде АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен. 

Қызметкерлер бұл мәселені шеше алмай, бала Астана әуежайында жалғыз қалып қойды. Осылайша Зере тек келесі күні ұшып кеткен.