Қазақстан қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) елдегі неке мен ажырасудың жай-күйіне талдау жасап, негізгі демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зерттеуге сәйкес, соңғы бес жылда некенің де, ажырасудың да үрдісі төмендеген.
Неке азайды: демографиялық құлдырау
ҚҚДИ мәліметтері бойынша, 2023 жылы 120 851 неке тіркелген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,4% аз (139 504). Мұның бір себебі демографиялық құлдырау: некеге тұрған ұрпақ 1995-2000 жылдардағы туудың төмен кезеңіне жатады.
Ажырасу: үштен бірге аз, бірақ проблема бар
Осы кезеңде ажырасу саны үштен бірге азайды. 2023 жылы 40 227 ажырасу жағдайы тіркелгее. 2019 жылғы бұл көрсеткіш - 59 796 еді. Алайда, зерттеу ажырасудың 34,9% некеде бес жылдан аз өмір сүрген отбасылардан шыққанын анықтады, бұл ерте некенің тұрақсыздығын көрсетеді.
Ажырасудың негізгі себептері
ҚҚДИ отбасылардың жойылуына әкелетін негізгі факторларды атап өтті:
* 61,7% — тәуелділік (алкоголизм, нашақорлық);
* 51,1% — отбасындағы зорлық-зомбылық;
• 47% — опасыздық;
• 38,4% — лудомания (ойынға тәуелділік).
Бұл деректер отбасылық қатынастарға әсер ететін маңызды әлеуметтік және психологиялық мәселелер барын көрсетеді.
Трендтер мен қиындықтар
Зерттеу көрсеткендей, неке санының төмендеуі демографиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік факторларға, соның ішінде жастардың құндылықтары мен басымдықтарының өзгеруіне байланысты.
ҚҚДИ сарапшылары отбасы институтын қолдауға бағытталған шаралардың қажеттілігін атап көрсетеді: тәуелділіктің алдын алу бағдарламаларын дамыту, отбасылық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру маңызды екенін атап өтеді.