×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам қаза тапты: облыс әкімі мәлімдеме жасады

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам қаза тапты: облыс әкімі мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтөбе облысының әкімі тұрғындардың кепілге алынуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады. Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.  Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қауіпсіздік шаралары - бақылауымда, дейді әкім.

БҰҒАН ДЕЙІН

14 қаңтарға қараған түні Ақтбеде белгісіз біреу бір отбасының үйіне басып кіріп, үш адамды кепілде ұстаған болатын. Оқиға орнына жедел түрде полиция, жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар келіп, аймақ қоршауға алынды.  

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Артынша Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысы Абай Жүсіпов адамдарды кепілде ұстаған қаскүнем ұсталғанын хабарлады

ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Оқыс оқиғадан жалпы үш адам зардап шеккен: 75 жастағы ер адам, 67 жастағы әйел адам мен олардың қызы. Қыздың ата-анасы қайтыс болды. Олардың біреуі ауруханаға барар жолда, біреуі ота жасау кезінде қайтыс болған. Зардап шеккен қыздың жағдайы тұрақты ауыр. 

КҮДІКТІ ЕШҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙМАҒАН

Полиция мәліметінше, күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.

​Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.