×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Жаңа жыл харам ба – теолог жауап берді

Жаңа жыл харам ба – теолог жауап берді
ulysmedia.kz коллажы

Белгілі теолог, исламтанушы Асқар Сабдин "жаңа жыл тойлау харам ба?" деген сұрақтың нүктесін қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Теологтың сөзінше, бұл мәселеге қатысты консервативтік көзқарас та, либералды көзқарас та бар. 

- Бірақ Жаңа жылды тойлауды бірнеше элементке бөлген дұрыс деп санаймын. Біріншіден, Рождество мерекесі ол – діни мереке. Оны мұсылмандар тойламайды. Бірақ ғалымдар құттықтауға рұқсат берген. Біреулер құттықтау мен тойлауды ажырата алмай, бәрін бір деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Рождествоны мұсылмандар тойламайды, бірақ көршісін құттықтайды немесе көршісі жақсылық тілесе онда тұрған проблема жоқ. Діні бар елдерде бұл көзқарас басым. Құттықтауға болады, тіпті мерекелерге қатыса алады, бірақ мұсылмандар діни жоралғыларды жасамайды, дейді теолог Dope soz-ге берген сұхбатында. 

Ал моно-ұлтты, моно-дінді елдер басқа елдермен байланысы аз болғандықтан, мерекені тойлауға тыйым салған. 

- Тойлауды харам деп айтқандардың негізгі дәлелі –  пайғамбардың “Кімде кім бір қауымға ұқсаса солардан болады” деген сөзі. Бұл ауқымы кең сөз. Бұл жерде діни жоралғылар меңзеліп айтылған. Одан кейін “біздің екі-ақ мерекеміз бар” деген хадистерді алға тартады. Ол діни екі-ақ мереке. Ал әрбір мұсылман елінде діни емес мемлекеттік, ұлттық көптеген мереке бар. Сондықтан өзіміздің шынайылығымызға қарауымыз керек. Біздің еліміз көпұлтты, көпдінді мемлекет. Тойлау бір мәселе, ал құттықтауда тұрған ештеңе жоқ. Ол жерде міндетті түрде мұсылман адам дастарханда отырып, арақ ішіп не басқа нәрсе жасауын ешкім құптамайды. Бірақ белгілі бір ортада тілек, құттықтау айтылса “бұл харам, менің оған қатысым жоқ” десе ол шынайылыққа жанаспайды”, дейді Асқар Сабдин. 

Теолог Жаңа жыл – діни мереке емес екенін атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін лингвист және зерттеуші Бибарыс Сейтақ қазақ тілінің 80 пайызы арабтікі деген пікірге қатысты ойын айтқан болатын

Бибарыс Сейтақ лингвистикада гигиена деген ұғым жоғын атап өтті. Сейтақтың сөзінше, дінге қатысты ертеректе енген терминдердің көп бөлігінің араб тіліне қатысы жоқ.