×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Желтоқсанда ауа райы жылы болып, рекорд жаңарды

Желтоқсанда ауа райы жылы болып, рекорд жаңарды
көрнекі сурет

2024 жылдың желтоқсанында ауа райы жылы болып, рекорд жаңарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

РЕКОРД

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-6° жоғары болды. Петропавл қаласында 19 желтоқсанда ауа температурасы +1,3°С-қа дейін көтеріліп, 1978 жылғы +0,8°С рекордын жаңартты.

Ел аумағында ауа температурасы бірнеше рет өзгерген – күн арасында жылып, арасында күрт суыған күндер байқалды. Сонымен қатар, қар жауып, кейде жаңбырға ұласуы, боран, дауылды жел, көктайғақ және тұман жиі тіркелді.

АЙМАҚТАР

Мысалы:
    •    15 желтоқсанда Түркістан облысының Шуылдақ метеостанциясында қатты қар жауып, жауын-шашын мөлшері 22 мм-ге жетті (айлық норма – 77 мм).
    •    29 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко метеостанциясында қатты жаңбыр жауып, 17 мм жауын-шашын түсті (айлық норма – 10 мм).
    •    13-14 желтоқсанда Жетісу облысының Жалаңашкөл метеостанциясында желдің екпіні 40 м/с-қа дейін, 16 желтоқсанда Достық АМС-те секундына 36 метрге дейін жетті.
    •    4-8 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысындағы Родниковка метеостанциясында көктайғақ пен қырау түзіліп, диаметрі 66 мм-ге жетті.

Астанада желтоқсандағы орташа ауа температурасы -8,8°С болды, бұл климаттық нормадан 3,2° жоғары (норма –12°С). Ең төменгі температура 11 желтоқсанда -20,8°С, ал ең жоғарғы температура 14 желтоқсанда +0,7°С болды. Айлық жауын-шашын мөлшері 31 мм-ді құрады, бұл нормадан (25 мм) 122%-ға артық.