×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Алматы облысында сұмдық жол апаты болды: 18 көлік бір-біріне соғылған

Алматы облысында сұмдық жол апаты болды: 18 көлік бір-біріне соғылған
Видео кадры

Алматы облысында сұмдық жол апаты болды. Өңірдегі Алматы-Өскемен тасжолында 18 көлік бір-біріне соғылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 07:30 шамасында «Алматы – Өскемен» автожолының 28-шақырымында («Алматы – Қонаев» бағыты) болған. Трассада 18 көлік жол апатына түскен. Жол апаты қалың тұман кезінде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа жүргізушілердің шектеулі көріну жағдайында жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауы себеп болған.

“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, оқиға болған жол учаскесі IА техникалық санатына жатады, алты қозғалыс жолағы бар. Жол беті құрғақ, ақаулар мен бөгде заттар болмаған.

Апат салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 3 қаңтарда түстен кейін Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңында "Астана-Петропавл " автожолында жол апаты болған еді. ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді. 

4 қаңтарға қараған түні авариялық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Олар Астана қаласына бара жатқан машиналармен және ТЖ көлігімен жөнелтілді.

21 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды. Жылыту пункттері ашылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.