Бұл сұрақ мәжіліс кулуарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловқа қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер тергеу жазда аяқталғанын атап өтті, бірақ іс әлі сотқа түспеген.
Ештеңе ұзаққа созылған жоқ. Тиісті мерзімдер бар, сотта барлық фактілер зерттеледі. Қазір іспен танысып жатыр, - деді Сарқұлов.
МАРАТ БЕКЕТАЕВ
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.
Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады.
Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетекшілік еткені бар.