Синоптиктер Қазақстанда ауа райы 16 қаңтарда қандай болатынын болжап айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында -15, күндіз -3-8 аяз. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кейде тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -2-7, облыстың солтүстігінде, шығысында -12-17 аяз, күндіз +3 градусқа дейін жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -2 градус аяз.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ түседі. Ауа температурасы түнде -3-8 градус, облыстың солтүстігінде -13 градус аяз, облыстың шығысында 0 градус, күндіз 0-5 градус аяз, облыстың шығысында +4 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Оралда 16 қаңтарда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -2-7 градус аяз, күндіз -3 суық, кей жерде +2 градусқа дейін жылиды.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда 16 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -4 градусқа дейін аяз, солтүстігінде +1 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -7 градус аяз, күндіз +5 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 0 градус.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында -20 градусқа дейін суиды. Күндіз -5-10, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -1 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Өскеменде 16 қаңтарда жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -17-22 градус, облыстың солтүстік-батысында -10, облыстың шығысында- 28-33 градусқа дейін аяз түседі, күндіз -5-10, облыстың шығысында -15 градус аяз, облыстың солтүстік-батысында 0 градус.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -6-11 градус, облыстың таулы аудандарында -16-21 градус аяз, күндіз -2-7 градус, облыстың таулы аудандарында -3-8 градус аяз болады. Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда 16 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -4 градус аяз. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8-13 градус аяз, күндіз +5 градусқа дейін жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -3 градус аяз.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 16 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында -17 градус, күндіз -3-8, облыстың оңтүстігінде -11 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыс бойынша бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-14 градус, облыстың оңтүстігінде -18, күндіз -5-10, облыстың оңтүстігінде -13 градус аяз болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында -8 градус аяз, күндіз -3 градус аяз.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -7-12 градус, күндіз -3-8 аяз. Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, күндіз қар жауады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 16 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13 градус, облыстың шығысында -16 градус, күндіз -5-10 градус аяз.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында -8 градус аяз, күндіз -3, облыстың солтүстігінде 0 градус. Ақтауда көшпелі бұлт, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар).