×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Петропавлда шағын стадион өртеніп кетті

Петропавлда шағын стадион өртеніп кетті
instagram / obyavleniya_skopetro

Петропавлдағы шағын стадионнан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 қаңтарда сағат 8.42-де төтенше жағдайлар министрлігі Петропавл қаласындағы Сәтбаев көшесі бойындағы шағын стадиондардың бірінде өрт шыққанын хабарлады. Құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. 

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР 

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. 

ӨРТ ОҚШАУЛАНДЫ

Сағат 09.00-де ТЖМ күштерімен өрт оқшауланғаны хабарланды. Нақтыланған мәліметтер бойынша гараж жанып өрт ангар типті жабық манежге ауысты. Өрттің ауданы анықталып жатыр. 

ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт толығымен сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ.