Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығының төртінші рет Мәдениет қайраткері атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЫЛДЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Астанада «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығының марапаттары салтанатты түрде табысталды. Елдегі ең танымал премия 14-ші рет әр түрлі саладағы халықтың сүйікті қайраткерлерін таңдады. «Жылдың Мәдениет қайраткері» номинациясын Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген жеңіп алды.
Димаш бұл беделді марапатты төртінші рет жеңіп алды. 2023 жылы ол «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталған болатын.
АЛҒЫС
Салтанатты рәсімде старуэтка Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаевқа табысталды.
Димаш халыққа алғысын төмендегі сөздермен жеткізді:
«Халқыма, қымбатты жерлестеріме менің шығармашылығыма ерекше ден қойып, құрметпен қарағаны үшін үлкен ризашылығымды білідіре отырып, алғысымды айтамын. Көп рақмет, достар! бүгін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын алған барлық үміткерлерді құттықтаймын. Баршаңызға амандық пен береке тілеймін. Біздің бастамаларымызға қолдау танытқан әрбіріңізге мол табыстар тілеймін, – деді әнші.
ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАР
«Халықтың сүйіктісі» сыйлығы жыл сайын еліміздің дамып-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға беріледі. Олардың тізімі бірнеше күн бұрын арнайы сайтта жарияланып, жеңімпазды халық өзі дауыс беру арқылы таңдайды. Биыл екі бірдей спортшы «Халықтың сүйіктісі» атанды. Екеуі де дзюдошы. Бірі – Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов болса, екіншісі – Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек.