×
529.65
544.64
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.65
544.64
5.16

Пәкістанның бұрынғы премьері Имран Хан ұзақ жылға сотталды

Бүгін, 16:53
Пәкістанның бұрынғы премьері Имран Хан ұзақ жылға сотталды
ашық дереккөзден

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жақтастары істің саяси сипаты бар деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ЖАҚТАСТАРЫ СЕНБЕЙДІ

Лахордың жоғарғы соты Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырды. Онымен бірге әйелі Бушра Биби жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Associated Press.

Соттың мәліметінше, премьер-министр кезінде Хан мен оның жұбайы ақшаны жылыстатуға көмектесу үшін жылжымайтын мүлік магнаты Малик Риаздан жер учаскесін алған. Сондай-ақ, ресми нұсқада бұрынғы премьер-министр Риазға айыппұлдарды төлеу үшін сол активтерден қаражат бөлді деп жазылған.

Бұл – Имран Ханға 2022 жылы отставкаға кеткеннен бері оқылған бесінші үкімі. Ол бұған дейін сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік құпияларды ашу және неке туралы заңды бұзу істері бойынша кінәлі деп танылған. Көп айып бойынша түрмеде отыру мерзімі 14 жыл болған. Алайда кейінірек кейбір айыптау алынып тасталды.

2024 жылдың желтоқсанында Ханның "Әділет қозғалысы" партиясындағы жақтастары Исламабадта оны босатуды талап етіп, жаппай наразылық акцияларын ұйымдастырған. Наразылық білдірушілер Ханға қарсы істің саяси сипатта барына сенімді.

Ханның өзін құлату үшін Пәкістан мен Вашингтонды бірігіп қастандық жасады деп бірнеше рет айыптады. Өзінің айтуынша, оның себебі – Қытаймен және Ресеймен ынтымақтастыққа бағытталған сыртқы саяси бағыт болған.

Имран Хан 2018 жылдан 2022 жылға дейін Парламент оған сенімсіздік білдіргенге дейін Пәкістанның премьер-министрі қызметін атқарды.

ИМРАН ХАН ЖАЙЛЫ

Имран Ахмед Хан Ниязи – Пәкістанның мемлекет қайраткері, бұрынғы кәсіби крикетші, "Әділет қозғалысы" партиясының жетекшісі, Пәкістан премьер-министрі (2018-2022). 1996 жылы "Әділет қозғалысы" партиясын құрып, 2002 жылы Ұлттық Ассамблеяға (Парламенттің төменгі палатасы) сайланып, өз партиясының Парламенттегі жалғыз өкілі болды. Наваз Шарифтің үкіметін қатты сынап, оны сыбайлас жемқорлық бойынша айыптап, жемқорлыққа қарсы заңдарды қабылдауға шақырды. АҚШ-тың Пәкістанның ішкі саясатына араласуына қарсы болды.