Жамбыл облысының полиция департаменті жоғары шенді полицейдің аудиосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция департаментінің өкілдері аудиожазбаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
- Жарияланған жазбада көрсетілген дәлелдер тексеріліп жатыр. Барлық мән-жай анықталады. Полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, дейді ПД өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Айта кетейік, телеграмда полицейлерге қатысты аудио тараған болатын. Онда ол азаматтарға тек айыппұл жазып, ескерту жасамау туралы бұйрықты жеткізгенін айтады.
Аудиожазбада бұл бұйрықты облыстық полиция департаментінің басшысы бергені айтылған.