×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Тоқаев тұрғындардың бір күндік жалақысын АҚШ-тағы өрттен зардап шеккендерге аударуды тапсырғаны рас па

Бүгін, 09:31
Тоқаев тұрғындардың бір күндік жалақысын АҚШ-тағы өрттен зардап шеккендерге аударуды тапсырғаны рас па
© AP / Etienne Laurent

TikTok-та пайдаланушылардың бірі жазған қазақстандықтардың жалақысына қатысты видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Stopfake.kz сілтеме жасап.

Видео авторы Желіде оқыған «жаңалығымен» бөліскен.

“Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрлігіне Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен АҚШ тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде қазақстандықтардың бір күндік жалақысын аударуды тапсырған екен. Голливуд жұлдыздары да тыс қалмайды. Бұл фейк”, деп жазды Stopfake.kz.

Видео авторы ақпаратты қайдан алғанын айтпаған. Алайда бастапқы дереккөз – @qaznews24 Instagram аккаунты. Бұл ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайтын сатиралық агенттік. Парақша профилінде «Барлық атаулар мен оқиғалар ойдан шығарылған, қандай да бір сәйкестіктер ­- кездейсоқ жағдай» деген ескерту жазылған.

Демек,  бұл ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл фейк.

Еске сала кетсек, кеше, 17 қаңтар күні кешкісін Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінңң авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ал көп ұзамай полиция сатиралық QazNews24 паблигінің авторы ұсталғанын растады. Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы әлеуметтік желілерде жарияланымдар арқылы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.