×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Алматыда сатирик қамауға алынғаннан кейін журналист жалғыз пикетке шықты

Бүгін, 16:35
Алматыда сатирик қамауға алынғаннан кейін журналист жалғыз пикетке шықты
@darkhansharip видеосының кадры

Журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Рус Бикетов Instagram әлеуметтік желісіндегі сатиралық пабликтің әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған соң жалғыз өзі пикетке шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Рус Бикетов Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында шеру өткізді.

Ол Темірлан Еңсебектің қамауға алынғанымен келіспейтінін айтып, елдің «емделуі керек» деді.

 «Мен әлемді елімнің қалпына келуіне, оның нағыз демократиялық жүйе құруына көмектесуге шақырамын. Бұл қорқынышты. Мен енді оны қалай сипаттайтынымды білмеймін. Қазір бәріміз депрессиялық күйдеміз. Әзілдегіні үшін, қайдағы бір Тина Канделаки үшін оны жеті жыл күтіп тұр. Қылмыстық қудалау, деді ол.

Бұл наразылық ұзаққа созылмады. Журналист постерді ашқаннан кейін көп ұзамай оны оны полиция қызметкерлері ұстап әкетті.

БҰҒАН ДЕЙІН

17 қаңтарда “Oyan, Qazaqstan” қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.  Алматы қаласы полиция департаменті Еңсебектің ұсталып, ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша тергеліп жатқанын растаған. 

Автор өз паблигі тек сатиралық материалдарды жариялайтынын, ал нақты оқиғалар мен адамдармен кез келген сәйкестік "абсолютті кездейсоқтық” екенін атап өткен. Өз ресурсын ол "сатиралық жаңалықтар ақпараттық агенттігі” ретінде көрсетеді.

Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды.