Қарағандыда боранның кесірінен 300 көлік жолда қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУА РАЙЫ НАШАР
Ауа райының нашарлауына және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Қарағанды-Астана автожолы уақытша жабылды.
- Теміртау қаласының терминалында шамамен 300 автокөлік жиналды. Қарағанды облысының полиция департаменті ауа райы жағдайы жақсарып, жол ашылғанға дейін жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.
– Барлық жол қозғалысына қатысушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап, төтенше қызметтердің ұсынымдарын ескеруді сұраймыз, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ
21 қантарда сағат 08:30-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
1. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 шақырым арасында, Ақмола облысының шекарасынан – Теміртау қаласына дейін.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
1. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 шақырым арасында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасына дейін.
ЖОЛ ҚАШАН АШЫЛАДЫ
Жолды 21 қантарда сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.