×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Астанада әйел көлігін қыздырып, ішіне сәбиін қалдырып кеткен

Астанада әйел көлігін қыздырып, ішіне сәбиін қалдырып кеткен
видео кадры

Астаналық әйел көлігін қыздырып, ішіне кішкентай баласын қалдырып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астаналық тұрғын әйел адамның бұл әрекетіне наразы болып, жағдайды видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген. Видеода емізулі нәресте алдыңғы орында ұйықтап жатқанын көруге болады. 

- Әйел адам көлігін оталдырып, ішінде баласын тастап кеткен. Көлігін жүк тиейтін аймаққа тастап кеткен. 20 минуттай күтіп тұрдым. Артынан әйел адам дүкеннен шығып, кешірім сұрай бастады. Одан соң “Өз балам, өзім білемін” деп ашулана бастады. Өкінішке қарай, полицейлер кеш келді. Олар келгенше әйел адам кетіп қалды, дейді видео авторы. 

АДАМДАР ЕКІГЕ БӨЛІНДІ

Бұл видеоны көрген адамдардың ойы екіге бөлінген. Бірі әйел адамды қолдаса, енді бірі баланы көлікте жалғыз қалдыруға болмайтынын айтты. 

- Баласын қайда қалдырарын білмейтін аналар ғана түсінетін шығар бұл жағдайды. Ал сіздер бірден видеоға түсіріп, оны жариялап жіберуді ғана білесіздер;

- Әртүрлі жағдай болады. Баланы жетіскеннен қалдырмаған шығар. Бірден полициякға хабарласпай-ақ әйелдің өзін күтіп, бұлай істеуге болмайтынын түсіндіре салу керек еді. 

- Дұрыс, видеоға түсіру керек. Басқалар бұлай істеу дұрыс емес екенін түсінуі керек. 

- Видеоның авторы бәрін дұрыс істеген. Күткені жөн болған. Балаға бір нәрсе болса қайтер еді?, деген пікірлер легі жазылған. 

УЛАНУ ҚАУПІ

Көлікте отырған баланың уланып қалу қаупі де бар еді. Себебі жел көліктің артынан соқса, газ салонның ішіне кіріп, нәрестенің улануы мүмкін еді. 

ЕРЕЖЕ

Айта кетейік, Қазақстанда 12 жастан асқан балалар ғана көліктің алдыңғы орнында отыра алады.