Қазіргі уақытта доллар 521,01 теңгеден саудаланып жатыр. Сарапшылар мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бір күн бұрын доллар бағамы құлдырап, бір доллар үшін 520,88 теңгеге (-6,19 теңге) дейін төмендегенін хабарлады. Бұл кейінгі бір айда алғаш болған құбылыс.
- Сонымен қатар, доллармен сауда көлемі әлі жоғары деңгейде тұр – 259,2 миллион доллар (-20,0 миллион). Теңгенің нығаюына мына факторлар әсер етуі мүмкін: Ресей экспорттаушыларының бірыңғай салық төлеу күніне дайындалуына байланысты USDRUB жұбының төмендеуі, сондай-ақ Ұлттық банктің жергілікті нарықта шетел валютасының қосымша ұсынысын қамтамасыз ету бойынша операциялары, соның ішінде Ұлттық банктің экспорттық табысының 50%-ын сату, Ұлттық қордан трансферттерді конвертациялау және алтын сатып алу бойынша операцияларды қайталауы бар, – делінген хабарламада.
ТЕҢГЕ НЫҒАЯ ТҮСТІ
Еске салайық, 22 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы әлсірей түсті.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 520,91 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,16 теңгеге төмен.
Ал ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 521 теңгеден сатып алынып, 527 теңгеден сатылып жатыр.