×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Ақтауда блогер жолдың шұрық-тесігін өзі жамаған: әкімдік реакция білдірді

Ақтауда блогер жолдың шұрық-тесігін өзі жамаған: әкімдік реакция білдірді
Фото: блогердің парақшасынан кадр

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жолдағы шұрық-тесіктерді өзі жамап шыққан. Бұл видеоға қатысты қалалық әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, Ақтаудағы шағынаудандардың біріндегі жолдың шұрық-тесік болып жатқанына жарты жылдай болған. 

- Бұл тесікті жабуға алты мың теңгем кетті. Себебі 25 келі асфальтбетонды сол сомаға сатып алдым, дейді блогер. 

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Бұл видеоға қатысты Ақтау қаласының әкіміндегілер пікір білдірді. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 шағын аудан «Жасыл базардан» «Байтерек СО» дейін №9 автомобиль жолы ескірген.

- Осыған байланысты биыл аталған жолға орташа жөндеу  жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда конкурс жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Жалпы Ақтауда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді әкімдік өкілдері Ulysmedia.kz-ке берген жауабында. 

Әкімдіктегілер биыл қалада анықталған 60 шаршы метр шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Ал желтоқсан айынан бері 350 шаршы метр суық асфальт төселген.