Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан тағы бір белсенді ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада белсенді Эльвира Бекзадина Темирлан Еңсебекті қолдау мақсатында жеке пикетке шықты. Қолында ол «Сатира — қылмыс емес» деген жазуы бар плакат ұстады.
8 БЕЛСЕНДІ ҰСТАЛДЫ
Барлығы Темірланды қолдауға Қазақстанның бірнеше қалаларында акция мен пикеттерге шыққан адам саны 8-ге жетті:
- Руслан Бикетов, Алматы
- Әсем Жапишева, Алматы
- Сергей Зинченко, Қостанай
- Ақмарал Жәкібай, Алматы
- Мұсағали Дауылов, Ақтөбе
- Марат Мұсабаев, Астана
- Ақторғын Ақкенжебаласы, Алматы
- Эльвира Бекзадина, Астана
БҰҒАН ДЕЙІН
Сенбі, 18 қаңтар күні QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамауға алынған болатын. Ол «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» жөніндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабын бұзды деп айыпталып отыр.