×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

БАҚ құқығы, митинг және ЛГБТ: БҰҰ-да Қазақстан жайлы не айтылды

БАҚ құқығы, митинг және ЛГБТ: БҰҰ-да Қазақстан жайлы не айтылды
Ulysmedia.kz коллажы

23 қаңтарда БҰҰ-да Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, саяси және азаматтық құқық жөнінде сайд-инвест өтті. Ulysmedia тілшісі шараға қатысып, негізгі сәттерді түртіп алды. 

МӘН-ЖАЙ

Біріккен Ұлттар ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолуы бойынша жұмыс тобы еліміздегі жағдайды төртінші рет зерттеді. Женеваға Қазақстаннан жаңа әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаған делегация барды.

Олармен бірге ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, сондай-ақ басқа да ресми тұлғалар, депутаттар мен қоғам қайраткерлері болды.

Қазақстандық делегация БҰҰ Кеңесінде Қазақстан Республикасындағы заңнамалық инновациялар туралы есеп берді, басқа елдер өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, тіпті ескерту де алды. Ескертулер көбіне бейбіт жиналыстар, БАҚ бостандығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын сақтау секілді мәселелерге қатысты болды.

БЕЙБІТ МИТИНГТЕР

Португалия, Словакия, Украина, Албания, Бельгия, Латвия және Германия өкілдері Қазақстандағы бейбіт жиналыстарға қатысты ұсыныстар айтты. Қазақстандық шенеуніктерге қала билігі керісінше бейбіт жиындарды өткізуге жағдай жасау керек екені ескертілді.

— Германия Қазақстандағы адам құқықтарының жалпы жағдайына алаңдап отыр. Бұл, әсіресе, сөз бостандығы, БАҚ бостандығы, бейбіт жиналыстар бостандығы құқықтарына қатысты.

Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» заңды және басқа да тиісті нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда, егер бейбіт жиналыс өтетін бастапқы орын туралы келісімге келмейтін болса, құзырлы органдардың оны ұйымдастырушыларға басқа орындар немесе маршруттар беру міндеттемесіне қатысты толық орындалуын ұсынамыз», - деді Германия өкілі.

ЛГБТ ҚҰҚЫҒЫ

Бірқатар еуропалық елдердің өкілдері де дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдардың жағдайын айтты. Мысалы, Исландия өкілі Қазақстанды «ЛГБТ насихаты туралы заңды жоюға» шақырды. Айта кетейік, елімізде мұндай заң жоқ болғанымен, қазіргі таңда кейбір депутаттар тарапынан шектеулер ұсынылып жатыр.

- Біз ЛГБТ насихаты туралы заңның күшін жоюды, жынысты заңды тану үшін міндетті зарарсыздандыру және психиатриялық бағалау талаптарын алып тастауды және бұл процесті өзін-өзі анықтауға негіздеуді ұсынамыз, - деді Исландия өкілі.

ЫСТАМБҰЛ КОНВЕНЦИЯСЫ

Шара барысында Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері Қазақстанды Ыстамбұл конвенциясын ратификациялауды бірнеше рет ұсынды.

Әйелдер құқығын сақтау мәселесін Сингапур, БАӘ, Швейцария, Португалия, Түркия, Албания, Үндістан және басқа елдердің өкілдері айтып, Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес ҚР ҚК-де "зорлау" ұғымын келтіріп, әйелдердің билікте өкілдігін дамыту қажеттігін атап өтті.

– Кейінгі кездегі прогреске және қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сүйене отырып, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, соның ішінде тұрмыстық зорлықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Зорлауды өзара келісімге негізделмеген нәрсе ретінде анықтау арқылы қылмыстық кодекске түзетулер енгізу, – деді Латвия өкілі.

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЕЛСЕНДІЛЕР

Женевадағы іс-шара барысында құқық қорғаушылардың, белсенділер мен журналистердің құқықтарын сақтау мәселесі де талқыланды.

Мысалы, Литва өкілі шетелдіктен ақша алған ұйымдар мен тұлғалардың тізілімін "жоюды" және "шетелдік агенттер туралы" заңның қабылдануына жол бермеуді ұсынды. Бұл жерде әңгіме Ресейдегі “иноагент” мысалындай болса керек. 

Латвия өкілі Қазақстандағы құқық қорғаушыларды, азаматтық белсенділер мен БАҚ қызметкерлерін қорқыту мен қорлаудың барлық жағдайларын мұқият тексеруді қамтамасыз етуге шақырды.