×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала себептерін келесі аптада жариялайды

Бүгін, 12:36
Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала себептерін келесі аптада жариялайды
Ulysmedia коллажы

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептерін келесі аптада жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

БОЗЫМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қанат Бозымбаевтың сөзінше, қазір тексеру жүріп жатыр. Көлік министрлігі жанынан құрылған арнайы топ бар. Оның ішінде Қазақстанның да сарапшылар, Ресей тарабының, Бразилияның мамандары, ICAO тарабынан Нидерланд елінің бір өкілі бар.

Қазір «қара жәшіктің» дыбыс деректерін қарап жатыр. Ұшақтың режимдерін қарап оларды сәйкестендіреді. Әрине, ол біраз жұмыс. Өйткені оны  дәлелдеу үшін тексеру жасайды. Олардың дауысы ма, басқа дауыс па деген сияқты. Қай минутта, қай секундта кім не айтқанын, кімнің қандай пәрмен бергенін зерттейді, - деді вице-премьер.

Бозымбаевтың айтуынша, ICAO-ның стандарты бойынша әуе апатының алдын ала себептері бір айдың ішінде жариялануы керек. 

Бәрін келесі аптада бітіреді деп ойлаймын. Аяқтайтын сияқты. ICAO-ның талаптарына сәйкес бір айдың ішінде алдын ала қорытындыларды жариялау керек. Сол ұсынымдарға сүйенсек, келесі аптада біздің жауапты министрлік тиісті ақпаратты береді, - деді Қанат Бозымбаев.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.