Алматыдағы «Алматы Арена» мұз сарайының кіші залынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдің өртенуі орын алды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен”, деп хабарлады ТЖМ.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен 2013, 2016, 2019 и 2012 жылы туылған төрт бала құтқарылды.
«25 қаңтарда сағат 15:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, Нұркент ықшамауданы, 7-үйге жөнелтілді, жеткен кезде бірінші қабатта 40 шаршы метр төсеніште өрт шыққаны анықталды. «Алматы Арена» көпфункционалды кешенінің кіші залы», - деп хабарланды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрттің ауқымдылығына қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді.