Беларусьте президент сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЭКЗИТ-ПОЛ
БелТА басылымының жазуынша, алғашқы экзит-пол деректері Александр Лукашенконың 87,6% дауысы бар екенін көрсетеді.
"Барлығына қарсы" нұсқасы сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың 5,1% дауысын жинаған.
Қалған кандидаттардың нәтижелері:
Беларусь ОСК сайлауды әлемнің 52 елінен 486 шетелдік бақылаушы және 44361 ұлттық бақылаушы қатысты деп мәлімдейді.
Лукашенко қатарынан жетінші рет Беларусь президенттігіне сайланады.
Еуропалық одақ бұл сайлауды "жалған және еркін де, әділ де емес" деп атады.
ЛУКАШЕНКО
Беларусьті 1994 жылдан бері Александр Лукашенко басқарады. Ол өзін жетінші рет президент сайлауына үміткер ретінде тіркеп отыр. 1994 жылы 20 шілдеде президент ретінде ол алғашқы антын қабылдаған. Тоқсаныншы жылдары ол миллиондаған азаматтардың сеніміне жылдам ие болып, содан бері алты сайлау циклынан өтті. Лукашенко әлемдегі ең ұзақ ел басқарған саясаткерлердің ондығына кіреді әрі өз қызметінен бас тартатындай ниеті жоқ.
ЕҚЫҰ Беларусьте өткізілген соңғы (2020 жылғы) сайлауды бұрмалаудың даусыз дәлелдері бар, ал күш органдары бейбіт демонстрацияларға жауап ретінде адам құқықтарын жаппай бұзды, соның ішінде азаптауды қолданды деп ашық сынаған болатын.