×
517.84
543.11
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.84
543.11
5.28

Әскери міндеттілерді армияға шақырады: ол жайлы не белгілі

Бүгін, 10:07
Әскери міндеттілерді армияға шақырады: ол жайлы не белгілі
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның қорғаныс министрлігі 2025 жылы әскери міндеттілерге арналған жиындар ұйымдастырылатынын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінде үш мың әскери міндетті қазақстандықты әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр.

ӘСКЕРИ ТӨЛЕМДЕР   

Жиындар жұмылдыруға дайындалған бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін арттырып, оқытылған резервтерді жинақтау үшін жыл сайын өткізіледі. 30 күнге созылады. Осы уақытта әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы сақталады, ал жұмыс істемейтіндерге мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.

Жиынға қатысушылар көлікпен, тамақпен, медициналық қызмет көрсетумен және қажетті деңгейде қамтамасыз етіледі. Жиындар кезінде әскери міндеттілер казармада болады. Жұмыстан босатуға тек белгіленген жарғы бойынша рұқсат етіледі.

ЖАЛТАРУШЫЛАР   

Осы жиыннан жалтарғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бұйрықтың толық мәтінімен 2025 жылдың 7 ақпанына дейін "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.

РЕЗЕРВТЕГІ ҚЫЗМЕТ   

Бұған дейін жалпы отырыста мәжіліс депутаттары резервтегі әскери қызмет мәселелері бойынша заң қабылдаған еді. Шын мәнінде, Қазақстанда әскерде қызметтің жаңа түрі – "резервтегі әскери қызмет"пайда болады. Заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер әскери бөлімдерді дайындалған кадрлармен толықтыруға және резерв қимылдарына дайын резервтік күштер құруға мүмкіндік береді.