Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында полиция қызметкері әйелді көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 24 қаңтарында Тасқала ауылында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi жүргізушісі артқа жүріп келе жатып, жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні полицей қағып кеткен, деп хабарлайды Мой город.
ПОЛИЦЕЙ ҰСТАЛДЫ
Салдарынан әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Медициналық куәландыру жүргізушінің сау екенін көрсетті. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жүргізуші жергілікті полиция бөлімінің қызметкері болған. Полиция бұл фактіні растап, оқиға болған күні оны ішкі істер органдарынан шығарғанын хабарлады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.