×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Газ саласының жаңа дәуірі басталды

27.01.2025, 13:24
Газ саласының жаңа дәуірі басталды
Газ кен орнындағы бұрғылау мұнарасы

2025 жыл ұлттық компания бойынша Геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы болып жарияланды. Қазірдің өзінде өршіл жоспарлар әзірленді. Оларда жобаларды, соның ішінде газды геологиялық барлау жобаларын қысқа мерзімде іске асыру бойынша айқын мақсаттар мен міндеттер қамтылған.

Геологиялық барлау жұмыстарының арқасында Жамбыл облысындағы Малдыбай учаскесінде жаңа газ кен орындары ашылды. 

Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы Анабай кен орнының мүмкіндігі кеңейтілді, онда қысқа мерзім ішінде №17 ұңғыманы (3690 метр)  бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізілді, ұңғыманың жоғары өнімділігін растайтын көлемді газ көзі табылды – тәулігіне 120 мың м3 газ алынуда, бұл жобалық көрсеткіштен екі есе артық. 
Сондай-ақ, №18 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары басталды, соның арқасында газ өндіру көлемі ұлғайтылады.

Бұдан басқа, 100 пайыз carry-қаржыландыру шарты бойынша Chevron компаниясымен Ақтөбе облысындағы КТ-III (Жәлібек) учаскесінде геологиялық барлау жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді. Яғни инвестор геологиялық барлау кезінде барлық шығын мен тәуекелді өз мойнына алады. Бұл еліміз үшін өте тиімді. Қазіргі уақытта Chevron қолда бар сейсмикалық деректерді ауқымды өңдеуді жүзеге асырып, техникалық талдау әзірлеп жатыр. 

QazaqGaz "КОР" ҰК-мен Маңғыстау облысындағы Аққұдық учаскесінде бірлескен геологиялық барлау туралы келісім жасасты және Ақтөбе облысындағы Шалқар учаскесіндегі жер қойнауындағы көмірсутектерді пайдалануға компания тарихында алғашқы келісімшартқа қол қойды. 

Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы болашағы зор Северный-2 учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізу бойынша "ҚазАзот" АҚ-мен келісімге қол қойылды.

QazaqGaz Түрікменстандағы газ кен орындарын, соның ішінде "Галкыныш"  газ-мұнай кен орнын игеруге де қатысатын болады. Өткен жылы Мемлекет басшысының Түрікменстанға сапары аясында QazaqGaz және "Түрікменгаз" мемлекеттік концерні осындай стратегиялық келісімге қол қойды. 

Кен орындарын толық барлау және игеру жобаларының барынша дәл және жедел орындалуын қамтамасыз ету үшін QGGeoDigital цифрлық платформасы әзірленді. Болашақта осы платформаны жасанды интеллектіге (ЖИ) негіз ретінде, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау орындарын анықтау үшін пайдалану жоспарланып отыр.