Бұл туралы премьер-министр үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Баяндама барысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда баға "реттеле" бастағанын атап өтті.
Үкімет жанар-жағармай мен газ бағаларын, сондай-ақ тұрғын үй шаруашылығы (коммуналдық) және теміржол саласындағы тарифтерді кезең-кезеңімен ырықтандыра бастады. Нарық бағасына бірқалыпты көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанар-жағарамай тапшылығы қаупінен айналып өтуге мүмкіндік береді. Бағаның күрт өсуіне жол бермейтінімізді атап өткім келеді, - деді Бектенов.
Бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер тағы да қымбаттап жатқаны хабарланған болатын.