Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин қаншаға қымбаттайтынын тағы айтпай қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Мәжіліс отырысы басталар алдында журналистер Сәтқалиевке бензин құнына қатысты бірнеше сұрақ қоймақ болды. Алайда министр ұстатпай, журналистерді бөлек брифингке шақырды.
- Қазір 205 теңгеден, сол бағадан басталады. Бүгін брифинг болады. Сағат 11-де отырыс. Баршаңызды сол брифингке шақырамын, деді Сәтқалиев.
БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ
Күні кеше, 28 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.
Бірақ Сәтқалиев 5 күннен кейін бензин қаншаға қымбаттайтынын айта алмады.