×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Министр әуелі бензин 210 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты

29.01.2025, 16:40
Министр әуелі бензин 210 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты
Ulysmedia коллажы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айында АИ-92 маркалы бензин литрі 210 теңгеге баруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘТҚАЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген министр бірінші қадамда баға 210 теңгеге дейін қымбаттайды деп бағдарлап отырғанын айтты.  

Ары қарай қандай қадам жасайтынымыз нарық реттеуі керек. Біздің міндет бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болады. Біз соншалықты күйрететіндей өзгеріс күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін барады екен деген ойланбастан айтылған мәліметтер тарады. Ондайға жол бермейміз, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ

Күні кеше, 28 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.

Бірақ Сәтқалиев 5 күннен кейін бензин қаншаға қымбаттайтынын айта алмаған.