Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтерілгеннен кейін, қарапайым тұтынушылар үшін жарық төлемі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
- Біз электр станциялары үшін шекті бағаларды жарияладық. Бұл ЖЭО-ға қатысты. Жалпы, біз электр энергиясының көтерме бағасына 20 пайыздан асады деп белгілеп отырмыз. Бұл стансалардың түпкі тұтынушылары үшін ол бір киловатт сағатына екі теңге шамасында болуы мүмкін, - деді ведомство басшысы.
27 қаңтарда қол қойылған бұйрыққа сәйкес, 1 ақпаннан бастап 17 электр станциясының шекті тарифтері қымбаттайды.
ТАРИФТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫ
Еске салайық, 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарифтер қымбаттайтынын тұспалдаған болатын. Ол тарифтер нарық талаптарына сай болу керектігін айтты.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ
«Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерімен біз энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарысты еңсердік. Енді Үкімет мұндай жағдайға жол бермеуге тиіс, - дейді ол.
Тоқаевтың айтуынша, жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді. Аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр.