Швецияда Құранды өртеген адам өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы SVT басылымы жазды.
МӘН-ЖАЙ
29 қаңтарда кешкі уақытта Сёдертелье қаласында атыс болып, 38 жастағы Салван Момик өлі табылған. Ол 2023 жылы Құранды өртеу бойынша акция ұйымдастырған болатын.
– Стокгольмдағы мешіттің алдында наразылығымды білдіріп, Құранға қатысты ойымды айқын көрсеткім келеді. Мен оны жыртып, өртеймін, деген еді Момик.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Бұл жағдайдан кейін Салван Момикке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін Момикке қатысты сот үкімі шығуы керек болған. Алайда оның қазасына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды.
- Оның бұл әрекеті Швециядан тыс жерлерде де қызу талқыланды. Салдарынан Момикке қауіп төніп, оның басын әкелген адамға ақша ұсынылды, делінген басылым материалында.
Атыс болған оқиға орнында бірнеше адам қамауға алынды, полиция айналаны тінтумен айналысып жатыр.