×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Қазақстан компаниялары қалайша санкцияға ілініп кетті

Қазақстан компаниялары қалайша санкцияға ілініп кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық компаниялар заңсыз сауда жасағаны және Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне көмектескені үшін Еуроодақтың санкциялық тізіміне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

ЕО-ның санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Еуропалық одақ Ресейге санкциялық тауарларды заңсыз жеткізетін үшінші елдердегі компанияларды анықтайды деп мәлімдеді. Мұндай компаниялар бірден санкциялар тізіміне кіреді.

- Осындай тексеру барысында қазақстандық компаниялар да анықталды. Мен олардың тізімге тек заңсыз саудаға қатысқаны және (Ресей) үлес қосқаны үшін енгізілгенін тағы бір рет атап өткім келеді. Бізде олардың Ресейдің әскери-өнеркәсіптік индустриясына ықпал ететіндігі туралы дәлелдер болды. Бұл экстерриториялық санкциялар емес – олар біз салған санкциялардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған, деді өкіл. 

Ол еуропалық компаниялар олармен ынтымақтаса алмайтынын атап өтті. Мұндай тексерулер бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр және Иран, Қытай, Үндістан және басқа елдердегі компаниялар да анықталды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Астанаға дэвид О'Салливан төртінші рет келген. Түске дейін ол Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларының орындалуы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин және сырты істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп үлгерген.

ОЛ НЕ ДЕЙДІ

Менің жауапкершілігімнің негізгі саласы – 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейге қатысты Еуропалық Одақтың санкцияларын орындау. Менің сапарым Қазақстан билігімен диалог аясында өтті. Бұл менің төртінші сапарым. Жалпы, біз осы тақырыпта Қазақстанмен қарым-қатынасымызда байқалатын қарқын мен серпінге ризамыз. Тағы да еске салғым келеді, бұл туралы Қазақстанға әрбір сапарымда айтамын: ЕО ҚР санкцияларға қосылмау ұстанымын толық құрметтейді. Біз Қазақстанның санкцияларды қабылдауын талап етпейміз. Ресейдің Қазақстанмен ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан заңды сауда қатынастарына араласуға және қандай да бір жолмен бүлдірер ниетіміз жоқ, – дейді Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі.

Дэвид О'Салливан алайда бизнестің кейбір жауапсыз өкілдері Қазақстанды санкцияларды айналып өту платформасы ретінде көріп, пайдалана алатыны “өздерін шынымен толғандыратынын” айтады. Осыны пайдаланып, Ресейдің қару-жарағында қолданылатын, ЕО-да өндірілген өнімдерді кейбір компаниялар қайта сатуы мүмкін. Бұл жерде зымырандарды, дрондарды жасайтын бөлшектер жайында айтылып отыр.