×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Ресейге қарсы 16-шы пакет: Қазақстан компаниялары да санкцияға ұшырауы мүмкін

Бүгін, 16:25
Ресейге қарсы 16-шы пакет: Қазақстан компаниялары да санкцияға ұшырауы мүмкін
Ulysmedia коллажы

Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливан Қазақстанның компаниялары Батыс елдерінің санкцияларына ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АРНАУЛЫ ӨКІЛ НЕ ДЕЙДІ

Біз қазір жаңа, 16-шы санкциялар пакетін дайындап жатырмыз. Ол тізімге қазақстандық компаниялар да қосылуы мүмкін, бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Осыған байланысты, тізімге тек санкцияларды бұзу жөніндегі қызметке тартылғаны туралы бұлтартпас дәлелдер бар компаниялар ғана қосылатынын ерекше және тағы да атап өткім келеді, – деді Дэвид О'Салливан.

Оның айтуынша, санкциялық тауарлардың заңсыз саудасына қатысатын компаниялар әуелі анықталады. Мұндай компанияларды анықтаған кезде бірден тізімге қосылады.

Еуропалық компаниялар үшінші елдердегі осындай компаниялармен де бизнес жүргізе алмайды. Біз бүкіл әлем бойынша осындай компанияларды анықтаймыз. Мысалы, Иранда, Қытайда, Үндістанда және басқа елдерде. Тексеру барысында қазақстандық компаниялар да анықталып, олар тек заңсыз саудаға қатысқаны үшін тізімге енгізілген. Бізде олардың Ресейдің әскери-өнеркәсіптік индустриясына ықпал ететіні туралы дәлелдер болды. Бұл бұрын енгізілген санкциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін керек. Компанияға егжей-тегжейлі талдау жасаймыз, олардың сауда қатынастарын тексереміз. Біз жеке компанияларды тізімге қосудың орнына жүйелі деңгейде шешім табу үшін үкіметтермен жұмыс істегенді жөн көреміз. Бірақ басқа болмаса біз қосамыз, – дейді ол.

Дэвид О'Салливан бұған дейін Қазақстанның екі компаниясы санкция тізіміне ілінгенін хабарлаған еді.