×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Финляндия Украинаға 200 млн еуроға жуық әскери көмек бөлді

Бүгін, 11:52
Финляндия Украинаға 200 млн еуроға жуық әскери көмек бөлді
kkrva.se

Украинаға 27-ші көмек пакеті бекітілгеннен кейін Финляндияның Киевке қолдауы шамамен 2,5 млрд еуроға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz түркиялық Анадолу ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Финляндия президенті Александр Стубб Украинаға шамамен 200 миллион еуро тұратын әскери көмек пакетін мақұлдады.

Финляндияның YLE ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Финляндия Қорғаныс министрлігі осы мәселеге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Украинаға шамамен 200 миллион еуро көлеміндегі әскери көмек пакетін президент Стубб бекіткені айтылған.

Қорғаныс министрі Антти Хаканен Украинаға қолдауды әлсіретпеу керек, керісінше күшейту керек деді: «Біз Украинаның майдан шебінде өзін қорғауға көмектесетін қолдау көрсетіп жатырмыз.

Украинаға 27-ші көмек пакеті бекітілгеннен кейін Финляндияның Киевке қолдауы 2022 жылдан бастап шамамен 2,5 миллиард еуроға дейін өсті.