Синоптиктер 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Түнде және таңертең тұман. Көктайғақ. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4 градус аяз.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ болады. Шығыстан жел секундына 2-7 метр соғады. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз 0-2 аяз.
Шымкентте күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыстан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +7 градусқа дейін жылы.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында 4-6 ақпанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда 4-6 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта 4-6 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -16-21°C аяз, күндіз 0-5°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -9°C аяз болады.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-17°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -20-25°C аяз, күндіз -8-13°C, облыстың оңтүстігінде -3°C аяз.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10, облыстың оңтүстігінде, шығысында -14, күндіз -1-6°C аяз болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Атырауда 4 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың шығысында -8°C аяз, күндіз 0-5°C, облыстың шығысында -3°C аяз.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында түнде және танертең тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Муғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C, күндіз -2-7°C аяз.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда 4 ақпанда көктайғақ, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5°C аяз, облыстың оңтүстігінде -3°C.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавлда 4 ақпанда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың оңтүстік-шығысында -13°C аяз, күндіз -4°C аяз, облыстың оңтүстік-шығысында -7°C аяз.
Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда 4 ақпанда кей кақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың шығысында -17°C, күндіз -2-7°C, облыстың батысында -10°C аяз болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда 4 ақпанда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -15°C, күндіз -2-7°C аяз
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде ауа температурасы -5-10°C аяз, күндіз +3°C жылы, облыстың оңтүстігінде +6°C жылы.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда 4 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -8-13°C, күндіз -3-8°C аяз.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-14°C, күндіз -2-7°C, шығыста -10°C аяз.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 4-6 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 4 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда 4-6 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, күндіз 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-17°C аяз, орталықта, облыстың таулы аудандарында қатты аяз -20-25°C, күндіз 0-5°C, шығыста, облыстың таулы аудандарында -10-15°C аяз болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1-6°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -10°C аяз, күндіз +5+10°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 0 градус.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтауда 4 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2°C суып, +3°C дейін жылиды. Облыстың солтүстік-шығысында -7°C аяз, күндіз +5°C дейін жылы, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде 4 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 3 ақпанның сағат 20.00-ден 4 ақпанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады. Өңірде ауа температурасы түнде -17-22°C, облыстың шығысында -27°C, күндіз -10-15°C, облыстың солтүстік-батысында -5°C аяз.