×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыдағы атыс: Қаза тапқан бесінші адамның кім екені анықталды

21.09.2021, 10:20
Алматыдағы атыс: Қаза тапқан бесінші адамның кім екені анықталды
фото: ашық дереккөзден

Бесінші қаза болған адам - үйдің жаңа иесінің өкілі, деп хабарлайды ulysmedia.kz Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атыстан қаза тапқандардың отбасына барды. Ол Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза болған азаматтардың туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына барып, көңіл айтып, қолдау көрсеткен болатын.

Бұрын хабарланғандай, Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушы, азаматтық тұлға қаза болды.