×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Путин Қазақстанды орыс тілінде сөйлейтін ел деді

24.12.2021, 09:38
Фото: ашық дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин өзінің баспасөз мәслихатында Қазақстан басшылығына орыс тілінің дамуына жасап жатқан қолдауына алғыс білдірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізде өте терең гуманитарлық байланыстар бар. Қазақстан басшылығына орыс тілін қолдауға және дамытуға мұқият қарап отырғаны үшін ерекше алғыс айтамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілін оқып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Ол – толық мағынасында орыс тілінде сөйлейтін ел. Орыс тілін оқытатын мектептер мен жоғары оқу орындарының филиалдарының саны артып келеді, оларға конкурс та көп», – деді Ресей басшысы «Қазақстан» арнасы журналисінің сұрағына берген жауабында.

Ол қос мемлекет цифрландыру, ғарыш, генетика, медицина сияқты жоғары технологиялы салаларда жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары