×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Bek Air апатын тергеген алты тергеушінің бесеуі біліксіз – прокуратура

Bek Air апатын тергеген алты тергеушінің бесеуі біліксіз – прокуратура
Видеокадр скриншоты

Бас көлік прокуратурасы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ісіне қатысты істің не үшін ұзаққа созылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МАМАНДАР ЖЕТІСПЕЙДІ

Ведомство деректері бойынша, республиканың көлік инфрақұрылымының проблемасы - білікті мамандардың тапшылығы. Бұл әсіресе Bek Air апатын тергеу кезінде байқалған. 

- Мысалы, көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің әлсіздігіне байланысты 2019 жылы БекЭйр авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырауын тергеу 5 жылдан астам уақытқа созылды. Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. Білікті кадрлардың тапшылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі де бастан өткерген, делінген хабарламада. 

BEK AIR АПАТЫ ТУРАЛЫ

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының Fokker 100 авиалайнері Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жоспарлы ішкі рейсті орындау кезінде апатқа ұшыраған.

Ұшақ әуеге көтеріле бергенде биіктігін жоғалтып, күрт оңға бұрылып, Гүлдала ауылындағы тұрғын үйге құлаған. Оның бортында болған 98 адамның (93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі) 15-і қаза тапты.