Орал қалалық сотында Орал қалалық сәулет бөлімінің басшысы 33 жастағы Мұратбек Тәшенбаевқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЙЫПТАУ
Шенеунікке пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Онымен бірге 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатау да күдіктілер қатарында. Ол - бөлімнің бас маманы. Қылмыстық іс бойынша үшінші айыпталушы 41 жастағы Асылжан Көпбаев пара берді деп айыпталды.
Олардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 92 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде зиян келтірілген.
СОТ ҮКІМІ
Сот үкімімен Мұратбек Тәшенбаев өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот оған өмір бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Тәшенбаев сот залында қамауға алынды. Ол бұрын үйқамақта болған. Енді бұрынғы бас сәулетші жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Нұрсұлтан Ғатау пара алғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін де кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Елден шықпау туралы қолхаты қамауда ұстауға ауыстырылды. Ғатау сот залында қамауға алынды.
Сот Асылжан Көпбаевты пара бергені үшін кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол бұрын кепіл сомасын төлеп, бостандықта жүрген. Алайда, Көпбаев та сот үкімі бойынша сот залында қамауға алды.