×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамына жаңа адамдар келді

Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамына жаңа адамдар келді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТАҒАЙЫНДАУ

Қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті болып Бақытжан Тұрлыбеков, ал спорт жөніндегі вице-президенті-атқарушы директоры болып Бақдәулет Сәбитов тағайындалды.

Қауымдастық президенті Еркебұлан Ильясов аталған тағайындаулардың Ұлттық спорттың даму жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болды. Ал, Бақытжан Тұрлыбеков - «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті қызметін атқарады. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы кіреді.