×
515.97
537.8
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.97
537.8
5.25

Кәсіпкерлер қосымша құн салығының 20 пайызға көтерілуіне қарсы шықты

Кәсіпкерлер қосымша құн салығының 20 пайызға көтерілуіне қарсы шықты
Ulysmedia.kz коллажы

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов қосымша құн салығының 20 пайызға көтерілуіне қарсы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Баталов ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кеңейтілген отырыс кезінде айтты. 

«Бизнес-қауымдастық арасында кеңінен талқыланып жатқан тақырып – ҚҚС мөлшерлемесіне ерекше назар аударғым келеді. Біз мөлшерлеменің өсуін қажетті есептеулермен негізделуі тиіс деп санаймыз және оны біржолғы 20%-ға дейін арттыруға қарсылығымызды білдіреміз», - деді Баталов.

Отырысқа 800-ден астам адам қатысқан. 

ШЕКТІ МӘН

Сондай-ақ, Райымбек Баталов қосылған құн салығы бойынша шекті мәндерді түзету қажет екенін айтты.

 «Біз 15 миллион теңге ҚҚС шегіне қарсымыз. Бизнестің кірісі мен өсу қарқынына, әсіресе, әкімшіліктің күрделенуіне әкелетін салдарды талдау маңызды. Сонымен қатар, біз арнайы салық режимін қолдану шегін төмендету бойынша ұсыныспен келіспейтінімізді алға тартамыз», - деді Райымбек Баталов.

ҰСЫНЫС

Кәсіпкерлерге өзіндік құнын төмендету мақсатында Ұлттық палата әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын алып тастау жолымен еңбекақы қорына салық жүктемесін қысқартуды ұсынады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы ұсыныстың авторы кім екенін айтпай қойған еді. 

Ол қазіргі таңда бұл мәселе бойынша бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өз арамызда пікір алмасу жүріп жатқанын айтты.